«Ұлытау ұлттық тарихи – мәдени және табиғи музей» қорығы – географиялық-тарихи, табиғи-мәдени ескерткіштердің үлкен бір шоғыры орналасқан өлкені қамтитын қорық. Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 29 қарашадағы қаулысына орай құрылған, алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 20 қараша № 295 бұйрығымен «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірілігінің белгісі» «Ұлытау» мұражай-қорығына 2006 жылы 6 желтоқсанда қабылданды.