Тас бұлақ – Ұлытау ауданы орталығындағы “Өркештау” іргесінен ағып жатқан су көзі – Тасбұлақ.Тау тастарының арасынан табиғи сүзбеден өтіп, үлкен мөлшердегі қысыммен гранит тасты жарып шығады.Шипалық қасиеті зор, сақталу мерзімі ұзақ. Таза кəусар бұлақ.Бүгінде сыртқары аймақтардан бұлақ суын жылдың төрт мезгілінде де алғызып ішетіндердің қатары көп. Өйткені, тасты жарып шығып, ағып жатқан бұлақ суы өте жұмсақ, əрі мөлдір.