Жезқазған қаласының орталығындағы заманауи үлгідегі жаңа қонақүй қолданысқа берілді.
Инвестициялық жоба – «Ұлытау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қаржылай қолдауымен жүзеге асты.
Айта кету керек, «Хан ордасы» қонақ үйі – облыста 2024 жылға жоспарланған инвестициялық жобалардың алғашқысы.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Берік Әбдіғалиұлы Жезқазғанда биыл тағы бір заманауи қонақүй ашылу жоспарда тұрғанын жеткізді.
«Өздерініз білетіндей биыл Жезқазған қаласының құрылғанына 70 жыл. Оған қоса Президент тапсырмасына орай Жошы ұлысының 800 жылдығы аясында ауқымды зерттеулер қолға алынбақ.
Сәйкесінше, осы жылы біздің өңірге келетін қонақ саны жылдағыдан көп болады деп күтіліп отыр. Сол себепті де осындай нысандардың маңызы жоғары. Биыл облыс орталығында заманауи үлгідегі 30 жатын орындық тағы бір қонақүй кешені қолданысқа беріледі»-деді өңір басшысы өз сөзінде.