Ағымдағы жылдың 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілді. Өткізілген жарысқа 89-дан астам елден қатысушылар келді.
Осы ретте, Ұлытау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы этно-ауылда 3 киіз үй құрылды. Ұлытау облысы атынан құрылған нағыз көшпенділердің тұрмыс-салтын, мәдениетін паш еткен көрме еліміздің түкпір-түкпірінен кеп жатқан туристерге ерекше ұнады. Туризм саласы бойынша қалта-картасы мен туристік жолсерік қалта кітапшасы және шетелдік туристерге арналған материалдар таратылып, облыстың туризм әлеуеті таныстырылды.