Бұланты, Білеуті петроглифтері – Стеллаға қарама-қарсы, өзеннің оң жағалауындағы жартастарда қола,ерте темір дәуірлері, ортағасыр кезеңдерінде салынған суреттер бар. Байқоңыр ауылының оңтүстігіне қарай, 2 шақырым жерден басталып, 20 шақырымға созылған өзен жағасындағы жартастарда аңдардың, малдардың, аңшылық ету сәттерінің көріністері, күнбасты адамдар мен арба бейнелері ойып салынған.