Кейкі үңгірі – 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһармандардың бірі Кейкі мерген паналаған орын. Батыр қуғынға ұшыраған жылдарында Ұлытау, Сарлық, Жетіқыз, Сарыторғай, Қараторғай өзендері маңында жасырынған үңгір биіктігі 30 м қатпар жартасының орта деңгейінде. Ішіне 7-8 адам еркін сияды, төбесі биік. Оң жақ бұрышында ішке кіретін қаға-беріс қуыс бар. Үңгірден көз көрім жер анық бақыланады. Етегіне қалың тал, қайың өскен. Батыр осы аймақтағы 1919-1923 ж. паналанған. Кейкі үңгірі Шеңбер ауылынан Сарыторғайға қарай Қараторғайға өзенінің солтүстік беткейіндегі биік жартаста, төлек Махат кесенесінен 2 км шығысқа қарай, өзен иірімінде орналасқан.