М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі – тарихи-мәдени мекеме. 1994 жылы ресми түрде ашылған, оның ашылуына геология-минерал ғылым доктары М.Қ.Сәтбаева, көрнекті ақын, қоғам қайраткері К.Салықов бастаған бір топ ғалымдар қатысты. Мұражайда ежелгі дәуір, орта ғасырлардан бастап қазіргі дәуірлерге дейінгі кезеңдердегі тау-кен және металлургия өндірісінің пайда болу, қалыптасу, даму мәселелерін, жер қойнауының қазба байлықтарын игеру, өңдеу ісін қамтитын экспонаттар мен құжаттар жинақталған. Қаныш Сәтбаев, Ә.Х.Марғұлан, П.Б.Бекмұхаметовтердің зерттеулеріне сүйене отырып жинақталған мұралар мұражайдың төрінен орын алған.