Қарсақбай кентіндегі «Қ.И.Сәтбаевтың музей – үйі» – Қарсақбай қаласында орналасқан. 1969 жылы сәуірде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай ұлы ғалым 15 жыл тұрған үй мен бұрынғы кеңсесінің қабырғасы қосылып, мемориалдық мұражай болып ашылды. Осылайша бүкіл қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ санайтын киелі орын мәдениет ошағына айналды. Сәтбаевтың жеке мұрағатынан алынған, оның ұрпақтары жинақтап өткізген жәдігерлер – мұражай қорының басты құндылығы.