Жұбан-Ана күмбезі

Цена за день:
Средний чек:

Жұбан-Ана күмбезі – Жұбан әулие – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы 189-разъезден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Сарысу өзенінің солтүстік жағасында XI ғасырда ірге көтерген архитекторлық ескерткіш. Кеңес дәуірінде академик Ә.Марғұлан бұл ескерткішті қыпшақтардың ортағасырлық құрылысына жатқызды. Жұбан-Ана Күмбезі төрт бұрышты текше жобамен салынған. Қабырға қалауының үстінен барабан (мойындық) шығарып, оған сегіз қырлы күмбез орнатылған. Ішкі төрт бұрышында сүйірлеп шығарған михрабтары бар. Аузы оңтүстік-шығысқа қараған. Күмбезі мен барабаны шаршы кірпішпен өрілген. Жұбан-Ана күмбезі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Мы на карте: