Болған ана кесенесі– Жезқазған қаласынан оңтүстігінде, 40-45 шақырым жерде, Сарысу өзенінің жағасында орналасқан. Бұл маңда бірнеше кесене бар. Болған ананың жұбайы Талмас атаның (Сығанақ-тегін), Белең ананың кесенелері мен Жошы ханның мазары орналасқан. Болған ананың кесенесі Жошы хан мазарынан 100 шақырым жерде жатыр.