Басқамыр қалашығы – 1992 жылы Басқамыр ортағасырлық қалашығының қазба жұмыстары нәтижесінде бірнеше қыш құмыралар, сүйектер, асықтар табылып, музей қорының алғашқы жәдігерлері жинақталды. Баскамыр елді мекеніне (VIII-IX ғғ.) 2018 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіп, бүгінгі күні құрылымдардың қабырғаларын сылау жұмыстары аяқталып, елді мекенге кіре берістегі тас тақтайшалардан жасалған жолдар қалпына келтірілді.