Айбас дарасы – Ұлытау ауылынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан Айбас дарасында белсенді демалысқа арналған шексіз мүмкіндіктер бар: әдемі табиғат, әр түрлі ландшафттар, жұмсақ климат, қайталанбас флора, қайыңды-теректі шоқорман, көне ескерткіштер мен фермалар бар. 5 км радиуста әртүрлі дәуірлердің археологиялық ескерткіштер: қорғандар, тас мүсіндер және қорымдар орналасқан.