Ұлытау облысы
Облыс орталығы: Жезқазған қаласы
Аудандар: Ұлытау, Жаңаарқа
Қалалық әкімдіктер: Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал
Облыс әкімі: Берік Әбдіғалиұлы
Құрылған уақыты: 8 маусым 2022 жыл
Жер аумағы: 188,9 мың км² (5-ші орын)
Тұрғындар саны: 221 395 адам (2023)
Ұлытау облысы — 2022 жылдың 8 маусым күні құрылған. Қазақстанның орталығындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы. Жер аумағы 188,9 мың км.кв. Тұрғындар саны 221 395 адам (2023 жылғы санақпен).
2022 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтты.
Облыс Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес 2022 жылы 8 маусымда құрылды. Айта кетерлігі, оның аумағы бұрынғы Жезқазған облысының аумағынан кішірек (1997 жылға дейін Шет, Ақтоғай аудандары, Балқаш және Приозерск қалалары да енген).
Ұлытау өңірінің тарихы
Ұлытау – ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Кешегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан еншісін бөліп, жүректерінде жауынгерлік жалын әлі де болса өше қоймаған елін ертіп, Ұлытауды бетке алып жөңкіле көшуінде жүрегіңді соғысынан жаңылдырып, сай-сүйегіңді сырқыратар терең сыр, күрделі құпия жатыр. Бұл – кейбіреулер айтып та, жазып та жүргендей тек қана ағайын арасындағы алауыздықтан туындаған құбылыс емес. Бұл – тарих тұғырындағы туы жығылған Алтын Орданың түтінін аңсау, бұл – ежелгі ескі жұрттың жұрнағын сағыну, бұл – дүниенің тең жартысын құзырына қаратқан кешегі кемел мемлекеттің киесін қастерлеу.
«Кіндік жұрт» аталып кеткен, ұлттық сананы қайта өркендеткен соңғы жылдары терең тарихымен ғалымдарды, журналистер мен туристерді тамсандырған Ұлытау небір мақтау сөзге де лайық. Ұлытау – «қазақ халқының бесігі», «көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі».
Ұлытау – ежелгі заманның көне сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол ежелгі де әр алуан әдемі ескерткіштерінің көптігімен кім – кімді де тәнті етеді. Өзінің ғажайып сұлулығымен, құнарлығымен бабаларымызды ынтықтырған қасиетті жерден палеолит, неолит дәуірлерінің туындысы – алғашқы адамдардың мыңдаған еңбек құралдарын әр бұлақтың маңынан,көгалды жазықтардан кездестіресіз.
Ұлытаудың ежелгі түрғындарының таудан металл пештер қалдығы, пішінді металл құю тәсілі-бұдан үш мың жыл бұрын жергілікті тайпалардың мыс, қалайы, күміс, алтынды қазып алып, өңдеп, Иран, Үнді, Грекия, т.б. елдерге шығарғандарына бірден-бір дәлел. Мұны «тарих атасы» деп жүрген Геродот өз еңбектерінде растап отыр. Қола дәуірінде өмір сүрген Елуқұдық, Сорқұдық секілді металл өндіру орталықтары кейінгі орта ғасырларға дейін өндірісін тоқтатпаған.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бұл жерде тұрақты қоныс еткені тегін емес. Шығыс Еуропаны тізе бүктірген Бату өз жорығын осы жерден бастаған. Ұлытау жерінде Шыңғыс ұрпақтарымен байланысты сәулеттік ескерткіштер жетерлік. Бұлар – Жошы, Құтлық-Темір, Болған ана, Келін-там мазарлары. Осы далада, аңызда айтылатындай, Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін жеткізген атақты «Ақсақ құлан»(ХШ ғ) күйі дүниеге келеді.
Ұлытау географиялық жағынан қолайлы жерге орналасқан. Ұлытау арқылы Ұлы Жібек жолының «Сарысу» немесе «мыс жол» аталған негізгі тармақтарының бірі өткен. Оның дәлелі – керуен жолы бойында орналасқан ондаған керуен-сарайлар, бекініс-қоныстар, феодалдық қорғандар, қарауыл мұнаралар. Бұл қоныстарда қалалық мәдениет, қол өнері, сауда-саттық дамыганын Басқамыр, Жошы-орда, Аяққамыр, Орда-базар қалашықтарына жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесі дәлелдеді. Ғалымдар болжауынша, бұл сауда жолы Ұлы Жібек жолына дейін пайда болып, біздің ғасырдың отызыншы жылдарына дейін сақталды, осы өлкенің мәдениетінің дамуына үлес қосты. Табиғаттың өзі бұл жерге қисапсыз қазына сыйлаған. Фирдауси өз поэма-эпосы «Шахнамада» Ұлытау өңірін әдемі суреттеген. Ұлытаудың ғажайып көріністерін VI ғасырда араб саяхатшысы Әл-Идриси өзінің қолжазбаларында суреттеген. Ұлытау жөнінде қазақ халқының ертегісі «Ер Төстікте» де айтылады. Әйгілі Асанқайғы Сарыарқаның көптеген түкпірін аралап, елге құт жерұйық іздегенде, көзіне Ұлытау түскен. Академик Қаныш Сәтбаев Ұлытау даласын Қазақстанның қазынасы атаған. Өйткені, Менделеев кестесі элементтерінің көбі Ұлытау аймағының қойнауынан табылған. Ғасырдың заманалық мәні бар оқиғасы – адамның ғарышқа ұшуы да Ұлытаумен – ғарыш аймағы Байқоңырмен байланысты.
Геогафиясы
Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.
Гидрографиясы
Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау өңірінің ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес.
Өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары негізінен қар еріген кезде толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары арасында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық су қорының 80-90 пайызы ағады.
Өңірдегі ең үлкен өзен – Қаракеңгір. Оның ұзындығы – 350 км, алқабының ауданы – 16700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2,1 текше метрге жетеді. Терісаққан өзені Желдіадыр тауынан бастау алып, әрі қарай көршілес Ақмола, Қостанай облыстары аумағымен ағады. Ұлытау жерінде жағалары тік, тау шатқалдарының арасы болып келеді де, әрі қарай Теңіз-Қорғалжын ойпатынан өткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды.
Ұлытау өңірінің оңтүстік-батысынан басталатын үлкенді-кішілі өзендердің барлығы Арала алабына жатады. Тау шатқалдарынан басталатын осы өзендерді тау жоталары бірненше тұйық алабтарға бөліп тастайды. Торғай өзенінің ең басты салалары: Сарыторғай, Қараторғай, Жалдама Торғай, Сабасалды Торғай, Қарынсалды Торғай, Ашудасты Торғай, Ақтасты Торғай және т.б.
Ұлытау өіңірінің өзендері табиғатқа айрықша оң әсер етеді. Шөл және шөлейт даланы жарып өтетін өзен аңғарларында табиғи көкорайлар (оазистар) көптеп кездеседі. Тал, терек, қайың, шіліктен тұратын шоқ-шоқ шағын тоғайлар, қамыс, қоға, шөптесінді өсімдіктердің көптеген түрлері өсіп, жердің көркін кіргізеді. Мұндай алқабтарда жан-жануарлар әлемі де айтарлықтай бай.
Ұлытау шатқалдарында таудың таңғажайып табиғатын танытатын кішкене көлдер бар. Олар таудың сымбатына сымбат, көркіне көрік қосады. Сералы қыстағы тұсынан басталатын сүрлеу жол апаратын көлді халық ежелден Шайтанкөл деп атайды.
Өңір аумағында жер асты суларының да мол қоры бар. Олар – тұщы судың сенімді көзі. Өңірдегі жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Ұлытау өңірінде бірнеше үлкен-үлкен артезиан алабтары (жерасты сулары) бар. Сарысу-Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (180 млрд текше метр) және Ұлытау (30 млрд текше метр) әлсіз минералданған таза судың теңдессіз көздері болып табылады. Тек әзірге оларды пайдалану деңгейі өте төмен.
Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ең ірісі – Кеңгір су қоймасы (суының көлемі 319 млн текше метр). Сонымен бірге Жезді (60 млн текше метр), Қумола (4,5 млн текше метр) және Қарсақпай (1,2 млн текше метр) су қоймаларының аумақтағы шаруашылықтар үшін маңызы зор.
Климаты
Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең. Аудан бойынша ең суық ай – қаңтар, бұл айда орташа температура -14 -16 ºС болғанмен, абсолюттік минимум -42 -50 ºС дейін төмендейді. Жыл бойындағы ең ыстық ай – шілде, оның орташа температурасы +19-25 ºС , алайда абсолюттік минимум (ең жоғарғы температура) +38-46 ºС деңгейді көрсетеді. Осыған сай ауа температурасының жылдық ауытқуы (ең төменгі және жоғарғы температуралар қосындысы) – 96 ºС.
Пайдалы қазбалары
Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген.
Ежелгі Ұлытау жері – мыс қуыру жөнінен әлемдегі ең ірі кен көздерінің бірі. Осы байлықты жоспарлы түрде кешенді игеру 1926 жылы басталды. Мыс кеніштері Сәтбаев қаласының батыс және солтүстік жағына шоғырланған. Өңірдің оңтүстігінде Жаманайбат кен көзі жұмысқа қосылды. Жезқазған төңірегінен қазылатын кен құрамында сирек және шашыранды түрде кездесетін алтын, күміс, рений, осьмий, кадмий, висмут, кобальт секілді бірнеше аса бағалы әрі сирек металлдар бар.
Өңір көлеміндегі қара металлдардың жиі шоғырланған жері Қарсақбай төңірегінде. Оған Балбырауын, Керегетас, Сазтөбе, Жетіқыз, Жезді, Найзатас кен көздері жатады. Олардың барлығын Қ.И.Сәтбаев Ұлы Отан соғысына дейін ашқан. Кейініректе Қарсақбайдың оңтүстік жағынан темір кенін Жуантөбе кенді алқабы ашылды. Алғашқы барлау нәтижелері бойынша оның кен қоры 8-10 млрд. тоннаға жетеді деген болжам жасалды. Бұл – Жуантөбе – әлемдегі ең үлкен кен орнны деген сөз.
Кенсіз пайдалы қазбалар тобына жататын асбестің қоры жөнінен Ұлытау өңірі еліміз бойынша екінші орын алады. Ешкіөлмес, Қарсақбай қыратындағы өндірістік мән-маңызға ие асбестің барланған қоры 10 млн. тоннаға жуық. Ұлытау ауданы аумағында орналасқан басқа Айыртау, Дүйсенбай, Шайтантас және Қумола кен орындары белгілі болып отыр. Бұл кен көздері есепке алынып, мемлекет қорына кірген.
Ұлытау өңірінің жергілікті құрылыс материалдарына да өте бай. Жезқазған қаласы мен Жезді кенті төңірегінен әктас, Сәтбаев қаласы маңынан және Сарысу өзені алқабынан қиыршық (кварцті) құм, теректі станциясының қасынан гранит өндіруге мүмкіндік мол.
Жанатын пайдалы қазбалар ішінен Ұлытау жерінде қоңыркөмір, алғаш рет Байқоңырда және Қияқтыда XIX ғасырдың бас кезінде табылып, өндірістік маңызы анықталған болатын. Байқоңыр көмірі 1892-1910 жылдар арасында Железновтың қорғасын зауытына (Шеңбер ауылындағы) және 1912-1918, 1928-1969 жылдарда Қарсақбай мыс балқыту зауытына негізгі отын ретінде пайдаланды. Қоңыркөмірдің Қияқты бассейнін өткен ғасырдың 30 жылдарында Қ.И.Сәтбаев зерттеп, оның қорының 100 млн тоннадан артық екендігін анықтап берді. Бүгінде жеке кәсіпкерлік жолмен игеріліп жатқан Қияқты кен орны өңір халқының бір бөлігін сапалы отынмен қамтамасыз етіп отыр.
Мұнай мен газ Ұлытау өңіріндегі Құмкөл алқабынан табылып отыр. Кен көзі Қызылорда облысына уақытша 2017 жылға дейін пайдалануға берілген жерде ашылғандықтан, сол облыстың мұнайшыларының күшімен игерілуде. Мамандардың есептеуі бойынша ондағы жер қойнауында 350 млн тонна мұнай және 100 млн текше метр табиғи газ бар деп болжанған. Құмкөлден шығатын мұнай Құмкөл-Қарақойын-Сарысу-Атасу мұнай құбыры арқылы Павлодар-Шымкент және Атасу-Алашанькоу магистралды мұнай айдау жүйесіне қосылған. Ұлытау жерінде Қумоладағы родусит (көгілдір асбест) және ақтастағы пьезокврц пен тау хрусталі сияқты аса сирек кен орындары бар. Родусит бүкіл Евразия көлемінде тек қана осы Ұлытау өңірінен табылып отыр.
Халықаралық іс-шарлар тізімі:
Ұлытаудағы «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі маусым – шілде айларында өтеді. «Жезкиік» фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Туған жер» жобаларын кеңінен насихаттап, таныту үшін ұйымдастырылған. Маңызы зор мәдени бағдарламаға Түркия, Тәжікстан, Ресей, Польша, Перу, Мексика, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстанның фольклор ұжымдары қатысты. Үш күнге ұласқан шара ұлы даланың ажарын кіргізіп, ұлтаралық қарым-қатынасқа өң бергендей әсер тудыртады.
«Көкмайса» этнофестивалі – Ұлытау ауданының орталығында мамыр айында өтіп отыратын этнофестиваль. Жыл сайын мамыр айының басында би байлау уақытымен тұспа-тұс келетін іс-шара Ұлытау тау бөктерінде өтіп отырады. Шараның мақсаты – атакәсіпті жарнамалап, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету. Фестиваль аясында аспаздық өнер байқаулары, ағаш өңдеуден, қамшы өру мен арқан есуден шеберлік сабақтары, сазгерлік пен ұлттық әндердің, би өнерінің байқаулары ұйымдастырылды.
Музейлер мен ұлттық парктер:
Жезқазған қаласы:
- «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен» КМҚК, Алашахан көшесі 22, инст.:zhez_museum, тел.: 87102737759, 87102764681.
- «Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі», Сатпаев 1, тел.: 8(7102) 748658.
Ұлытау ауданы:
- «Ұлытау» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи музей қорығы РММ
инст.: @ulytau_national_reserve_museum – Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі 14, тел.: +7 (71035) 2 13 42, 2 16 16.
- «М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы» музейі – Жезді селосы, тел.: 8(71034)21933, инст.: @muzei_zhezdy
- Қарсақбай кентіндегі «Қ.И.Сәтбаевтың музей – үйі» – Қарсақбай селосы
- «Ұлытау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ, инст.:@ulytau.mutp – Ұлытау селосы, Аманкелді көшесі 1, тел.: +7 (71035) 2 11 61.
Жаңаарқа ауданы:
- С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі – Жаңаарқа селосы, инст.:@muzey_zhanaarka, тел.: +7 775 186 4478, С.Сейфуллин даңғылы 26
- Қараағаш табиғи табиғи қорығы.
Қонақ үйлер:
Жезқазған қаласы:
Үйді жалға беру орталықтары (olx) – 7000-10000тг, +7 777 405 6921
Кеңгір – Деева көшесі 2, +7 (7102) 77 54 77
Космос – Абай көшесі 5, +7 (7102) 72 47 04
Байқоңыр – Есенберлина көшесі 8, +7 (7102) 41 04 17
Самсунг – Алашахан көшесі 34, +7 (7102) 74 43 75
Бизнес центр – Деева көшесі 3А, +7 (7102) 90 06 80
Металлург –
Граф – Асылбекова көшесі 8, +7 776 529 2929
Жезқазған сити – Сейффулина көшесі 9, +7 777 572 9201
Арай – Курманбаевва көшесі 19, +7 777 145 01 22
Сәтбаев қаласы:
Ұлытау – +7 777 046 2020
Forward – +7 705 108 9939
Үміт мекені – +7 (71063) 7 45 66
Сатпаев сити – +7 777 074 12 63
Қаражал қаласы:
Наурыз – Алиева көшесі 21, +7 705 229 1038
Бизнес – центр – 25 квартал көшесі, +7 778 941 2885
ИП Артыкбаева – Момышұлы көшесі 4, +7 705 251 8882
Ұлытау ауданы:
Ұлытау – Абай көшесі 24, +7 705 587 0898
Мақпал – +7 777 570 33 99
Көкмайса – +7 776 546 4411
Жаңаарқа ауданы:
Достық – Қызылорда – Павлодар тас жолында орналасқан
Диана – Абай көшесі 75
Индира – Байбосын көшесі 29/3
Тамақтану орындары:
Жезқазған қаласы:
Сыбаға (ұлттық ресторан, орташа чек 7000-10000тг) инстаграмм – Жанасова 1В, 8707 340 4444
Golden family (авторлық ресторан, орташа чек 7000-10000тг) – Ғарышкерлер 41, 8778 708 6770
Central (европалық ресторан, орташа чек 5000-8000тг) @centralzhezkazgan – Мира 26Г, 87700210001
Maestro (шығыс рестораны, орташа чек 7000-10000тг) @maestro.zhezkazgan – Сатпаева 1А, 8705 480 3411
Ahmad (евразиялық асхана, орташа чек 5000-7000тг) @kafe_ahmad – Сатпаева 68, 8707 804 7282
Safi dessert (таңғы ас, кофехана, орташа чек 3000-5000тг) @safi.dessert – Сейфуллина 39/4, 8705 622 6664
Orta coffee (кофехана, орташа чек 3000-5000тг) @ortacoffeee – Ғарышкерлер 19, 8776 719 8846
Global coffee (кофехана, орташа чек 3000-5000тг) @globalcoffee_zhezkazgan – Ғарышкерлер 1, 8708 610 2428
Плов центр дәмді (палау орталығы, орташа чек 5000-7000тг) – Жанасова 1В
Love sushi Zhezkazgan (корей рестораны 5000-7000тг) @love_sushi_zhezkazgan_satpaev – Омарова 11, 8707 907 6581
Сәтбаев қаласы:
Медь (ресторан, орташа чек 7000-10000тг) @medrestoran – Шаталюка 20А, 8776 224 1284
Lapisa (шығыс ресторан, орташа чек 5000-7000тг) @lapisa.sat – 8747 531 0195, 8707 531 0195
Love sushi Satpaev (корей рестораны, орташа чек 5000-7000тг) @love_sushi_zhezkazgan_satpaev – Құсайынова 4, 8776 509 3100
Insan (европалық ресторан, орташа чек 5000-7000тг) @insan.sat – Абая 64Б, 8705 305 5464
Я же на ты (европалық ресторан, кафе, орташа чек 5000-7000тг) @ya_zhe_na_ty – Муратбаева 28, 8701 888 3385
Қаражал қаласы:
Керуен (кафе, орташа чек 2000-3000тг) @kafe_keruen_karajal – Абая 12-1, 8705 137 1124
Орда (кафе, орташа чек 2000-3000тг) @kafe_orda_official – Тоимбекова 11, 8777 683 6135
Наурыз (кафе, орташа чек 2000-3000тг) @kafe.nauryz Зеленая 20, 8771 284 2533
Жаңаарқа ауданы:
Атасу асхана (кафе, орташа чек 1500-3000) – Қызылорда-Павлодар тас жолы, 8775 462 0838
Айша (шығыс асханасы, орташа чек 1500-3000) – 87089162163, 87087398795, Байбосынов көш., 26-2
Жанболат (кафе, орташа чек 2000-3000тг) – Қызылорда-Палодар тас жолы, 8705 216 1199
Ұлытау ауданы:
Ұлытау асхана (кафе, орташа чек 2000-3000тг) – 8705 587 0898
Ұлытау асхана (фаст фуд, кафе, орташа чек 2000-3000тг) – 8705 574 4515
Төтенше жағдайлар қызметі:
Өрт сөндіру қызметі – 101
Полиция– 102
Жедел жәрдем – 103
Газтарату – 104
Құтқару қызметі ЧС – 112
Жезқазған қаласы:
Телефон коды: +7 7102
Почта индексі: 100000, 100600
Жезқазған қаласының т/ж вокзалы +7 707 270 3664
Жезқазған қаласының автобекеті +7 (7102) 72 4009
Ұлытау облысының әкімдігі +7 (7102) 73 6594
Такси «9 реогион», мобильді қосымшасы +7 (7102) 90 0999
Такси «Фаэтон» +7 (7102) 71 0000, +7 707 571 0000
Такси сервис «Индрайвер» мобильді қосымша.
Сәтбаев қаласы:
Такси «9 реогион», сервис +7 777 000 9990, +7 702 000 9990
Такси «Нұр» +7 (71063) 39 393, +7 (71063) 40 101, +7 705 179 9393
Такси сервис «Индрайвер»
Ұлытау облысы әкімдігі: +7 (7102) 736356
Жезқазған қаласы әкімдігі: +7 (7102) 73 6594
Сатпаев қаласы әкімдігі:+7 (71063) 3 3636
Қаражал қаласы әкімдігі: +7 (71032) 2 6010
Ұлытау ауданы әкімдігі: +7 (71035) 2 1339
Жаңаарқа ауданы әкімдігі: +7 (71030) 2 6101