Ұлытау көк бөрісі

Цена за день:
Средний чек:

Ұлытау көк бөрісі – “Ұлытау Көкбөрісі” деп аталған бұл мүсіннің тұғырымен қосқандағы биіктігі  9,70 метр. Ал ескерткіштің жеке тұрғандағы бойы алты метрді  құрайды екен. Мүсіннің тұғырымен қоса есептегендегі салмағы бес тонна шамасында. Ішкі құрылымы темірден соғылып, сырты Арқаның ақшұнақ аязы мен аптап ыстығына төтеп беретін пластик материалдан құйылыпты.

Мүсін идеясының авторы және сомдаушысы Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі Амантай Меңдіғалиев екен. Мүсінші осыдан бір жыл бұрын аталған ескерткіштің эскизін жасап, Мәдениет және спорт министрлігінен авторлық құқық куәлігін алыпты.

Мы на карте: