Туризм саласындағы мемлекеттің қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұлытау облысы тарихи, киелі орындарымен бай өлке. Облысқа туристердің келу динамикасы жыл сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде тарихи орындар көп шоғырланған өңірлерде туристерге қызмет көрсететін ұйымдардың ашылуына септігін тигізеді. Ұлытау облысының туристік нарығын ілгерлету және ынталандыру мақсатында а.ж. 8-9 қараша күндері  Ұлытау ауданына қарасты кент, село әкімдеріне және Шеңбер селосының тұрғындарына туризм саласындағы мемлекеттің қолдау шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында Ұлытау ауданына қарасты кент, село әкімдеріне тарихи орынға алып баратын жол бұрылыстарына бағыттауыштар орнату, жергілікті жерде асхана, қонақ үйлер ашу бойынша нұсқаулықтар берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бұдан әрі де жалғасын табатын болады.