Ұлытау облысының ақпараттық туристік порталы ашылды

Ұлытау облысына келген туристерді ақпараттандыру және туристік орындарды насихаттау мақсатында visit-ulytau.kz туристік ақпараттық порталы техникалық режимде ашылды. Бұл ақпараттық портал өз кезегінде облыстың тарихи-мәдени жерлерін аралауға келген туристерге жолселтеуіш құрал болмақ. Ақпараттық портал туристерге барынша ыңғайлы етіп жасалынды. Портал ішінде Ұлытау облысында баруға болатын, тамақ ішетін орындар, туристік маршруттар және басқа да туристерге қызықты ақпараттар 3 тілде ұсынылды. Алдағы уақытта ақпараттық портал бұдан әрі жетілдіре түсетін болады.